RU

Солтүстік Қазақстан облысында 9 қарашадан бастап карантин күшейтіледі

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Omer Evren Atalay/Anadolu Agency via Getty Images

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа шектеу шаралары енгізілді. Олар тоғызыншы қарашадан бастап өз күшіне енетін болады деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты.

Өңірге жаңа шектеу шаралары енгізілетінін COVID-19-дың таралуына жол бермеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов хабарлады. Ол СҚО-ға арнайы жұмыс сапарымен барған.

Вице-премьер алдымен облыстық көпсалалы балалар ауруханасында болып, өңірдің коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындығы бойынша жұмыстарын тексерді. Сондай-ақ елдің оңтүстік және батыс өңірлерінен келген жас медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Жұмыс сапары барысында вице-премьер өңірдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша облыс басшылығымен кеңес өткізді.

Премьер-министрдің орынбасары өңірде тіркелген СOVID-19 фактілері санының артып отырғанын атап өтті. Облыстың кейбір аудандарында коронавирус инфекциясымен ауыру өткен аймен салыстырғанда 4,7 есе өскен. Вице-премьер жергілікті билік органдарының аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға күш жұмылдыру қажеттігін атап өтті.

COVID-19-ды шетелден жұқтырып келу жағдайларының жалғасып жатқанын ескере отырып, Ведомствоаралық комиссия биылғы 9 қарашадан бастап халықаралық екі жақты және транзиттік жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер (шетелдік және Қазақстан Республикасы азаматтары) үшін теріс нәтижесі бар ПТР тестілеу туралы анықтаманы (берілген сәттен бастап 3 тәуліктен аспайтын) міндетті түрде ұсыну жөніндегі талапты енгізу туралы шешім қабылдады. Қазақстан азаматтарының мұндай анықтамасы болмаған жағдайда, жүк тасымалдаушылар ПТР-тест нәтижелері дайын болғанға дейін 2 тәулікке карантинге орналастырылатын болады.

Сонымен қатар ВАК облыс әкімдігіне осы жылдың 9 қарашасынан бастап бірқатар шектеу шараларын қабылдауды тапсырды. Атап айтқанда:

  • Петропавл қаласында қаланың периметрі бойынша блок-бекеттер орната отырып карантин енгізуді;
  • күн сайынғы өсімі 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитарлық блок-бекеттер орнатуды;
  • Петропавл ‒ Алматы бағыты бойынша теміржол тасымалдарын аптасына 7-ден 3 ретке дейін қысқартуды;
  • облыс ішінде жолаушылар темір жол құрамдарының аялдауына тыйым салуды;
  • Петропавл қаласынан шығатын әуе жолаушылары үшін теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасының (берілген сәттен бастап 3 тәуліктен аспайтын) болуын міндеттеуді;
  • діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;

Жұмыс күндері:

  • Үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда, 30-дан кем орынды объектілер үшін есептік орындардың 50%-ынан аспайтын жағдайда сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін шектеуді;
  • сауда үйлері, сауда орталықтары, ауданы 500 шаршы метрден астам азық-түліктік емес дүкендер жұмысын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеуді;
  • демалыс күндері қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын тапсырыс берушіге жеткізу нысанына ауыстыру арқылы сағат 08:00-ден 21:00 сағатқа дейін шектеуді;
  • демалыс және мереке күндері сауда үйлері, сауда орталықтары, ауданы 500 шаршы метрден асатын азық-түліктік емес дүкендер жұмысын шектеуді;
  • жексенбі күндері сұлулық салондарының, шаштараздардың, бассейндердің, фитнес-клубтардың, жаттығу залдарының жұмыстарын шектеуді;
  • офлайн кеңестер өткізуге тыйым салуды; қызметкерлердің кемінде 80%-ын қашықтан жұмыс жасау форматына ауыстыруды қамтамасыз етуді; әуежайларға,
  • темір жол вокзалдарына күтіп алатын және шығарып салатын тұлғаларды кіргізуге тыйым салуды (билет болған жағдайда ғана өткізуді);
  • 65 жастан асқан адамдарға азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, аса қажеттіліксіз тұрғылықты жерінен шықпауды ұсынуды;
  • карантин режимін сақтау жөніндегі мониторингтік топтардың жұмысын, атап айтқанда Петропавл қаласы, Айыртау, Аққайың, Ақжар аудандарында күшейтуді;
  • карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді;
  • облыс тұрғындарын ПТР тестілеумен қамту көлемін арттыру тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882916-soltstik-kazakstan-oblysynda-9-karasadan-bastap-karantin-ksejtiledi/