Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Венадағы теракт: Оқиға құрбандарының саны көбейді

Опубликовано:

Венадағы теракт
Фото: EPA/UPG

Венада орын алған терактқа қатысты жаңа ақпарат пайда болды. Австрияның ІІМ басшысы зардап шеккендердің нақты санын атады. Сонымен қатар, оқиғаның тағы бір құрбаны туралы белгілі болды.

РИА Новости басылымының хабарлауынша, Австрияның ішкі істер министрі Карл Нехаммер терракт кезінде барлығы 22 адам зардап шеккенін мәлім етті. Оған қоса, БАҚ беттерінде орын алған жантүршігерлік оқиғаға қатысы бар болуы мүмкін күдіктінің ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Анықталғандай, ұсталған азамат полицияға жақсы таныс болып шықты. Оны ұстау операциясы Линц қаласында өткен. Күдіктіні ұстау кезінде оқ атылмаған.

Сонымен қатар, теракт кезінде зардап шеккен тағы бір адамның өлімі туралы белгілі болды. Оқиға құрбандарының саны бес адамға жетті. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, аса ауыр жағдайда жатқан 21 жастағы жігіт қайтыс болған.

Еске сала кетейік, кеше, 2 қараша күні кешке белгісіз біреулер Венадағы синагога маңында оқ атты. Алғашқы мәлімет бойынша бір адам қайтыс болып, 15 адам жарақат алған. Ел билігі бұл шабуылды "теракт" деп атады.

Кейіннен оқиға құрбандарының саны өскені туралы хабарланды.

Австрияда орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан үш күндік аза тұту жарияланды . Үкімет Венадағы атыс салдарынан қайтыс болғандар мен зардап шеккендерге байланысты аза тұтуды сейсенбіден бейсенбіге дейін жариялау туралы шешім қабылдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1882920-venadagy-terakt-okiga-krbandaryny-sany-kbejdi/

pixel