Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 4 күн бұрын түрмеден шыққан ер адам бөтен біреудің көлігін ұрлап кетті

Жарияланған күні:

Кісенделген азамат
Фото: Polisia.kz

Алматы қаласының полицейлері көлікті заңсыз иемдену қылмысын ашты. Белгілі болғандай, түрмеден төрт күн бұрын ғана шыққан ер адам бөтен біреудің көлігін ұрлап кеткен деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері іздеуде болған “Мазда – 626” маркалы автокөлігін тұрғын үйлердің жанынан тапқан. Мас адам жүргізуші орындығының артына жасырынған. Көлікті тексерген кезде нөмірлік белгілер басқа көлікке тіркелген болып шықты, ал “Мазданың” өзі ұрланған көліктер тізімінде тұр.

"Жауап алу кезінде ер адам үйіне жету үшін көлікті ұрлағанын мойындады. Көліктің құлпын ашып, оны бұрағышпен айдап алып кетіп, оған басқа көліктен ұрлап алған мемлекеттік нөмірлерді орнатқан. Күдікті ұрланған көлікті қаладан айдап әкетпек болған. Ол бұрын осындай әрекеттері үшін бірнеше рет сотталған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабымен (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жауап алу барысында күдікті көлікті  Жамбыл облысына қосалқы бөлшектер ретінде сату мақсатында ұрлағанын мойындады. Өзі Жамбыл облысының тумасы. Қазіргі уақытта оның  Алматы қаласында тағы да осындай екі қылмысқа қатысы бар екені анықталды" , – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Өз кезегінде оқиға орнына мүліктерін алу үшін келген жәбірленушілер полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігіне және мүліктерінің қайтарылғанына ризашылықтарын білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882930-almatyda-4-kn-bryn-trmeden-sykkan-er-adam-bten-bireudi-kligin-rlap-ketti/