Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында өздеріне тиесілі еңбекақыны ала алмай жүр мейірбикелер жанайқайын айтты

Опубликовано:

Дәрігер 2
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысы Қаратау қаласы орталық ауруханасының мейірбикелері жалақыларына жыл басында қосылуы тиіс 30 пайыз қаражатты әлі күнге дейін алмаған деп хабарлайды Астана арнасы.

Наздарын айтып, шағымданған мекеме қызметкерлері арухана басшылығынан талап еткенімен, әлі нәтиже жоқ дейді. Денсаулық сақтау басқармасы да жағдайды біле тұра, әрекетсіз көрінеді.

"Қаңтарда қосылады деген. Қаңтарда кіші мейірбекелерге айлық қосылған жоқ. Сосын бізге шілдеде деді. Шілдеде тағы қосылған жоқ. Сосын жақында тағы сұрасақ, әлі болмай жатыр. Ештеңе болмай жатыр дейді. Сонда бұл қалай болады? Барлық жерде қосылды емес па?", - дейді мейірбике Тәжігүл Кекілова.

Телеарна мән-жайды анықтау үшін жамбылдық атқамінерлерге хабарласқан. Алайда жауапты өкіл телефон тұтқасын алмаған.

А. Мүтәлі

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда медициналық жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері коронавируспен ауырса да, өтемақы ала алмағандарын айтып, жанайқайын жеткізген еді.

Айтуларынша, коронавирус жұқтырып, емделіп шыққан соң жұмысқа қайта кіріскен. Бірақ COVID-19-бен ауырған медицина қызметкерлеріне берілетін 2 миллион теңгені ала алмаған.

Сонымен қатар Атырауда коронавирус жұқтырған дәрігерлер өтемақы ала алмай жүргендерін айтып, шағымданған болатын.

Ал мемлекет басшысы осыған дейін дәрігерлер өздеріне тиесілі ақшаны сұрап алмауы тиіс екенін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882938-zambyl-oblysynda-zderine-tiesili-ebekakyny-ala-almaj-zr-mejirbikeler-zanajkajyn-ajtty/

pixel