RU

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан жеті адам қайтыс болды

Аурухана1
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан болған өлім-жітім туралы жаңартылған мәліметтерді жариялады. Өткен тәулікте COVID-19-бен оның белгілер бар пневмониядан жеті адам көз жұмған деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

3 қарашада коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен ауырған 269 адам мен 1 өлім жағдайы тіркелген. Сонымен қатар 63 науқас емделіп шыққан.

1 тамыздан бір аталмыш диагноз 38 281 адамға қойылса, оның 405-і қайтыс болған, ал 28 899 науқас жазылып шыққан.

Ал коронавирус инфекциясынан өткен тәулікте 6 науқас қайтыс болған. Тағы 432 адамнан COVID-19 анықталған. 177 адам ауруынан айыққан. Қазіргі таңда ел бойынша жазылғандар саны 106 893.

Одан бөлек, министрлік қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 4 981 адам ем қабылдауды жалғастырып жатқанын мәлім етті. Олардың арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 510 науқас, амбулаториялық жағдайда 2 471 адам емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 148 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 18 науқастың хәлі аса қатты ауыр деп бағалануда. 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ресейлік білікті дәрігерлер күннің суытуы коронавирусқа қалай әсер ететінін айтып берген болатын.

Сонымен қатар, төрт ай бұрын қауіпті індетке қарсы екпе салдырған Қазақ ұлттық аграрлық университетінің халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов қазіргі жағдайы туралы баяндаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882970-tken-tulikte-koronavirus-pen-pnevmoniadan-zeti-adam-kajtys-boldy/