Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағын пайдалану: Мәжіліс заң жобасын мақұлдады

Опубликовано:

Ақшалар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Парламент мәжілісі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәжілістің жалпы отырсында құжат біраз мәселені қамтитынын атап өтті.

Осыған байланысты 31 заңнамалық актіге, соның ішінде 14 кодекс пен 67 заңға өзгерістер мен түзетулер енгізілмек.

Дәленовтің сөзінше, заң жобасында зейнетақы жинағын пайдалану тетіктері де бар.

"Әлеуметтік саясат бойынша азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделу ақысын төлеуге немесе жеке қаржы компанияларының басқаруына беру мақсатында пайдалану үшін түзетулер көзделген", - деді министр.

Дәленов заң жобасын қабылдау шектеу шараларынан зардап шеккен салаларды дамытуға, сонымен қатар, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін жеткізді. 

Бұған дейін заң жобасы арнайы жұмыс тобында жан-жақты қаралған болатын. Оған қатысты 200-ден астам түзету түскен. Бұның барлығы жұмыс тобының отырыстарында қаралған. Депутаттар заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Енді, құжат тағы екінші оқылымда қаралады. Осыдан кейін сенатқа жіберілмек. 

Айта кетейік, мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов өзінің әлеуметтік парақшасында осы заң жобасы қарашаның аяғына дейін сенатқа жіберілетінін жазған болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін президент халыққа жолдауында қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін 2021 жылдан бастап пайдалана алатынын айтқан еді.

Сонымен қатар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақы жинағынан алынған ақшаның қолма-қол берілмейтінін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883006-zejnetaky-zinagyn-pajdalanu-mzilis-za-zobasyn-makldady/

pixel