RU

Қазақстанға ұшып келген тағы 34 жолаушы карантинге алынды

Ұшақ салоны
Көрнекі фото: piqsels.com

4 қарашаға қараған түні 369 жолаушысы бар 3 ұшақ елордаға ұшып келді. Олардың 34-інде коронавирустың теріс нәтижесі бар анықтама болмаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұшып келген ұшақтар Belavia, Scat және Air Astana әуе компанияларына тиесілі екені белгілі болды.

Елге кіру ережелерін бұзған жолаушылар бір апталық карантинге алынды. Стационарда олар коронавирусқа тест тапсырады және нәтижелері теріс болған жағдайда үйлеріне жіберіледі.

COVID-19 инфекциясы анықталған жағдайда жолаушылар жұқпалы аурулар ауруханаларына ауыстырылады.

Әуежайдың баспасөз қызметі халықаралық транзиттік жолаушыларға қазіргі кезде транзиттік аймақтан шығуға тыйым салынғанын еске салады.

Сондай-ақ қолданыстағы ережелерге сәйкес, әуежай қызметкерлері Қазақстан азаматы болып табылмайтын жолаушыларда ПТР-анықтама болмаса, әуе кемесіне отыруға рұқсат бермеуі керек.

Еске салсақ, Қазақстанға COVID-19-ға арналған міндетті ПТР анықтамасыз ұшып келген Ұлыбритания азаматы өз мемлекетіне депортацияланған болатын. Бұл туралы көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабұлов хабарлаған еді.

Айта кетейік, 26 қазаннан бастап халықаралық әуе рейсін орындайтын компанияларға ПТР анықтамасы жоқ шетелдіктерді ұшақ бортына отырғызуға тыйым салынды.

Байғабыловтың сөзінше, белгіленген шектеулерді орындамаған әуекомпаниялары әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883020-kazakstanga-syp-kelgen-tagy-34-zolausy-karantinge-alyndy/