RU

Қазақстанның тағы бір облысынан азаматтар ПТР анықтамасыз шығарылмайды

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Келесі аптадан бастап Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан әр азаматта тиісті ПТР анықтамасы болуы керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы бас медициналық дәрігер Сәдуақас Байғабыловқа сілтеме жасап.

Жаңа ережелерге сәйкес, 9 қарашадан бастап СҚО-дан еліміздің басқа аймақтарына әуе және теміржол көлігімен сапар шегетін жолаушыларда COVID-19-ға теріс нәтиже көрсеткен ПТР анықтама болуы керек. Дәл осындай ереже Петропавл қаласынан шығуға ниетті адамдарға да қатысты.

Қажетті ПТР анықтамасы жоқ жолаушыларға әуе кемесіне немесе пойыздар вагонына кіруге тыйым салынады. Бұл ережеге 5 жасқа дейінгі балаларға қатысы жоқ. Бұл анықтамалар нәтижесін алған күннен бастап 3 күнге дейін ғана жарамды болып табылады.

Байғабылов Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жолаушылар пойыздарын тоқтатуға тыйым салынатынын және жолаушылардың вагондар арасында жүруіне шектеу қойылатындығын айтты.

Анықтама тек Солтүстік Қазақстан облысынан шыққан кезде ғана емес, басқа аймаққа барған кезде де тексеріледі. Бұл әуе және теміржол қатынасына қатысты.

Шығарып салуға келген адамдарға әуежай мен теміржол вокзалдарына кіруге тыйым салынады, ғимаратқа билеттері бар жолаушылар ғана кіре алады.

Егер ПТР анықтамасы жоқ жолаушы ұшаққа/пойызға отырғызылса, тасымалдаушы жазаланады. Бұл жағдайда тәртіп бұзған компанияларға 1600 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында жаңа шектеу шаралары енгізілгені туралы жазған едік.

Сондай-ақ, 4 қарашаға қараған түні 369 жолаушысы бар 3 ұшақ елордаға ұшып келді. Олардың 34-інде коронавирустың теріс нәтижесі бар анықтама болмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883028-kazakstanny-tagy-bir-oblysynan-azamattar-ptr-anyktamasyz-sygarylmajdy/