RU

Елімізде көлік жүргізушілеріне жүргізуші куәлігінсіз қатынауға рұқсат етілмек

жүргізуші авто 2
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Мәжілісмендер жол қозғалысы жөніндегі заңнамаға түзетулер енгізу жайлы құжатты қабылдады. Құжат азаматтарды жүргізуші куәлігін алып жүру міндетінен босату жөніндегі норманы қамтиды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжатты мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің депутаттары қарайды. Аталған комитеттің басшысы, депутат Қанат Мусин атап өткендей, заң жобасы көлік саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында дайындалған.

Құжат тармақтарының бірі жүргізушілерді жүргізуші куәлігін алып жүруге міндеттейтін норманы бұзғаны үшін жауапкершіліке тартуды алып тастауға бағытталған. Осы ережені көлік құралын тіркеу туралы құжатқа да қолдану жоспарлануда.

Депутаттар заң жобасы бойынша қорытындыны 2021 жылдың 26 қарашасына дейін әзірлеуге дайын.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жүргізушілердің жеке куәліктерін, жүргізуші куәлігін, сондай-ақ техқұжат пен жол парағын өзімен бірге алып жүруге мәжбүр екенін атап өткен болатын. Ал құжаттар жоқ болған жағдайда, полицейлер азаматтарды жазаға тартады.

Осыған байланысты, мемлекет басшысы министрлер кабинетіне аталған мәселені шешуді, қажет болған жағдайда, заңнамалық актілерге түзету енгізуді тапсырған еді.

Көп ұзамай Ішкі істер министрлігі елімізде жаңа ережені заңдастыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Ал цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жыл соңына дейін төлқұжат пен жүргізуші куәлігі цифрлық форматқа ауыстырылатынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883038-elimizde-klik-zrgizusilerine-zrgizusi-kuliginsiz-katynauga-rksat-etilmek/