Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бір өңірінде блок-бекеттер қойылып, жаңа шектеулер енгізіледі

Опубликовано:

Блок-бекет
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Көкшетау маңына блок-бекеттер қойылады. Жалпы Ақмола облысында 9 қарашадан бастап жаңа шектеулер енгізіледі. Бұл туралы COVID-19 тарауына жол бермеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, премьер-мминистр орынбасары Ералы Тоғжановтың өңірге жұмыс сапары барысында белгілі болды деп хабарлайды primeminister.kz.

Ведомствоаралық комиссия төрағасы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында ағымдағы жылдың 9 қарашасынан бастап облыс әкімдігіне бірқатар шектеу шараларын қабылдауды, атап айтқанда:

Көкшетау қаласының периметрі бойынша блок-бекеттер орнатуды; күн сайынғы өсімі 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитарлық блок-бекеттер орнатуды;

Көкшетау-Алматы, Көкшетау-Ақтау бағыттары бойынша әуе қатынасын аптасына 2 рейстен 1 рейске дейін қысқартуды;

Көкшетау-Қызылорда бағыты бойынша теміржол тасымалдарын аптасына 7 реттен 3 ретке дейін қысқартуды;

жолаушылар темір жол құрамдарының облыс ішінде аялдауына тыйым салуды (облыс әкімдігі белгілеген жерлерді қоспағанда);

діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;

жұмыс күндері үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмысын бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда, 30-дан кем орындық объектілер үшін есептік орындардың 50%-ынан аспайтын жағдайда сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін, жұмыс режимін қысқарта отырып шектеуді;

жұмыс күндері сауда үйлерінің, сауда орталықтарының, көлемі 500 шаршы метрден астам азық-түліктік емес дүкендердің жұмысын сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеуді;

стратегиялық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өндірістік процесті қамтамасыз ететін жұмыскерлерін қоспағанда, облыс елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысын сағат 23:00-ден сағат 06:00-ге дейін шектеуді;

65 жастан асқан адамдарға азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді және медициналық бұйымдарды сатып алу жағдайларын қоспағанда, аса қажеттіліксіз тұрғылықты жерінен шықпауды ұсынуды;

қызметкерлердің кемінде 80%-ын қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіруді; офлайн режимде кеңестер өткізуге тыйым салуды тапсырды.

Айта кетейік, елде коронавирусты қайта жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді.

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 432 адам тіркелді. Жалпы ел бойынша COVID-19-бен ауырғандар саны 113 741. Сонымен қатар, өткен тәулікте 177 адам коронавирустан емделіп шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883067-kazakstanny-bir-irinde-blok-beketter-kojylyp-zaa-sekteuler-engiziledi/

pixel