RU

ШҚО-да балаларды зорлау бойынша іс қайтадан сотқа жіберілді

Ойыншық
Көрнекі фото: piqsels.com

Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерді зорлау бойынша ақталған іс қайтадан сотқа жіберілді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствода түсіндіргендей, аймақ тұрғынына қатысты қылмыстық іс сотқа прокурордың өтініші, адвокаттың және жәбірленушілердің заңды өкілінің өтініштері бойынша түскен.

"Сот отырысы 10 қарашаға жоспарланған. Кездесу жабық есік жағдайында өтеді", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, 4 жасар өгей қызы мен 9 жасар өгей ұлын зорлап, қинады деп айыпталған азамат 16 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда кейінірек сот істі қайта қарап, сотталушы ақталып шыққаны хабарланған болатын.

Тергеу мәліметінше, өгей әкесі кішкентай қызды ағасының көз алдында қинаған. Ал баланы ұрып, ит күркесіне қамап қойған. Мұндай қорлыққа шыдамаған жеткіншек хат қалдырып, үйден қашып кеткен.

Ол табылған соң деректер расталып, балалардың анасы бірден полицейлерге жүгінген екен. Көп ұзамай күдікті азамат қолға түскен.

Оған қоса, ШҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі кәмелет жасына толмағандарды зорлап, қорлық көрсетті деп айыпталған ер адамның қылмыстық ісіне қатысты ақпаратпен бөлісті.

Айта кетейік, осыған дейін Байқоңырда 7 жасар қыз баланы зорлаған педофил қолға түскенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883079-sko-da-balalardy-zorlau-bojynsa-is-kajtadan-sotka-ziberildi/