RU

Қызылордада көлік жүргізушісі полицейді капот үстінде сүйреп кетті (видео)

Полицейді капотта сүйреп кетті
Видеодан кадр: polisia.kz

Қызылордада жеңіл автокөлік жүргізушісі полиция қызметкеріне қарсылық танытып, оны капотының үстінде бірнеше метрге сүйреп кеткен деп хабарлайды Polisia.kz ІІМ ресми медиа-порталы.

2020 жылдың 3 қарашасында WhatsApp желісінде ақ түсті Lada Granta маркалы автокөлігі жүргізушісінің полиция қызметкерін капотында шамамен 5-8 метрдей жерге сүйрегені туралы бейнежазба тарады.

Аталған деректі тексеру барысында 2020 жылғы 3 қарашада  сағат 15:45-те Қызылорда қаласы Полиция басқармасының патрульдік полициясы батальоны инспекторының 1984 жылы туған аудан тұрғыны айдап жүрген Lada Granta маркалы автокөлігін жол белгілерінің талаптарын сақтамағаны үшін тоқтатқаны анықталды.

Құжаттарды тексеру барысында жүргізуші полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай, оқиға орнынан өз көлігімен қашып кетуге тырысып, полиция қызметкерін капотында 5-8 метрдей жерге сүйреген.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабының 1-бөлігі бойынша жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен көрсетілген талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, 2020 жылдың 3 қарашасында аталған факті бойынша көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Жүргізуші  уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызылорда облысының ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы аталған факті бойынша қызметтік тергеу бастады.

Айта кетейік, мәжілісмендер жол қозғалысы жөніндегі заңнамаға түзетулер енгізу жайлы құжатты қабылдады. Құжат азаматтарды жүргізуші куәлігін алып жүру міндетінен босату жөніндегі норманы қамтиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883084-kyzylordada-klik-zrgizusisi-policejdi-kapot-stinde-sjrep-ketti-video/