RU

АҚШ-тағы сайлау: Байденнің штабы жеңіске жеткендері туралы жариялады

Джозеф Байден
Фото: Stefani Reynolds/Bloomberg via Getty Images

Демократ Джозеф Байденнің штабы өз кандидатының АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жеткенін жариялады.

РИА Новости-дің хабарлауынша, демократиялық штабтың кеңесшісі адвокат Боб Бауэр виртуалды баспасөз конференциясында президенттік сайлауда жеңіске жеткені туралы хабарлады.

"Біз сайлауда жеңіп келеміз, сайлауда жеңдік. Біз бұл сайлауды қорғайтын боламыз", – деп келтіреді адвокаттың сөзін басылым.

Дауыс беру ресми түрде аяқталды, бірақ дауыстарды санау әлі жалғасуда. Алдын ала мәліметтер бойынша, Байденде 238 сайлаушының дауысы бар, ал қазіргі президент Дональд Трампта 213 дауыс жинады, жеңіске жету үшін 270 дауыс жинау қажет.

Еске салсақ, демократиялық партияның атынан ұсынылған үміткер Джо Байден өзінің туған жері Делавэр штатында сөз сөйледі. Ол өзінің жеңісіне сенімді екенін мәлімдеген еді.

Ал, Дональд Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жететінін мәлімдеді. Ол өз жеңісін тойлауға да әзір.

Президенттік сайлау өткен АҚШ-ты наразылық толқыны шарпыды. Комиссия дауыстарды санаумен айналысып жатқанда, наразылық білдірушілер Вашингтон, Лос-Анджелес, Роли және Портленд көшелеріне шыққаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ, АҚШ-тағы сайлаудың нәтижелері біздің елдеріміздің қарым-қатынасына ешқандай әсер етпейді. Сыртқы істер министрлігінде осындай мәлімдеме айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883144-aks-tagy-sajlau-bajdenni-staby-zeiske-zetkenderi-turaly-zarialady/