Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Емханаға екі апта бойы жатқызбады": СҚО-да коронавирус жұқтырған зейнеткер қайтыс болды

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі сурет : Olivier Galibert / flickr

Петропавлда екі апта бойы емханаға жата алмай келген 75 жастағы зейнеткер Нина Савчук қайтыс болды. Марқұмның жақындары дәрігерлер коронавирус жұқтырған Нинаны емдеуді кеш бастағанын айтып, ренішін білдіруде деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Коронавирус жұқтырған зейнеткерді ақ халаттылар алғашында емханаға жатқызудан бас тартқан. Аурудың белгілері 5 қазанда пайда болғанымен, ол ауруханаға тек 19-ы ғана түсіпті. Зейнеткер бірнеше күн бұрын қайтыс болды.

"Егер көмек уақытында көрсетілсе, 3-ші қалалық емханаға ауыр халде түсіп, өте көп мөлшерде дәрі-дәрмек пен оттегіні қабылдауды қажет етпес еді. Шығару қағазында оның жансақтау бөліміне ауыстырылғаны жазылған. Алайда бас дәрігер Нинаның қарқынды терапияда болмағанын айтуда. Сондықтан сіз оны босаттыңыз, демек ол аман қалуы мүмкін", - деді науқастың жиені Анна Карпицкая.

Туыстары Нина Савчуктың коронавирусқа анализі оң нәтиже бергенін айтуда. Алайда, олардың сөзіне сенсек, дәрігерлер әйелдің осы аурудан қайтыс болғанын мойындаудан бас тартқан.

Олар өлімнің себебі ретінде "қоздырғышы белгісіз пневмония" деген диагнозды көрсеткен екен. Десе де дәрігерлер зейнеткерді коронавирусты жұқтырған адам ретінде жерлеуді талап етіп отырған көрінеді.

Савчуктың өліміне қатысты ақ халаттылар медициналық құпияны негізге ала отырып, арна тілшілеріне түсініктеме беруден бас тартқан.

"Менің жеке мәліметтерді жариялауға құқығым жоқ. Бұл медициналық құпияны ашу. Негізгі диагноз - науқастың өліміне тікелей апарған диагноз", - дейді Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Құмат Күсемімов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлер тарапынан ешқандай заң бұзушылықтар анықталмағанын алға тартуда.

Марқұмның туыстары ашулы екендеріне қарамастан, сотқа жүгінуге ниеті жоқтығын аңдатты.

Еске сала кетейік, бұған дейін біз Қостанай облысында карантин шаралары қайта күшейгенін жазған едік.

Одан бөлек, 9 қарашадан бастап Павлодар облысында бірқатар шектеу шаралары қабылданатынын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883156-emhanaga-eki-apta-bojy-zatkyzbady-sko-da-koronavirus-zktyrgan-zejnetker-kajtys-boldy/

pixel