Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны тағы да артты

Опубликовано:

тәжвирус
Көрнекі фото: sputniknews.kz

Соңғы шыққан статистикалық мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы тағы 494 қазақстандықтан анықталды деп хабарлайды Сoronavirus2020.kz.

Айта кету керек, соңғы уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырған отандастырымыздың саны күн сайын артуда. Өткен тәуліктің өзінде елімізде ПТР тесті оң нәтиже берген тағы жаңа 494 науқас тіркелді.

Бір күн бұрын Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 432 адамды құраған болатын.

Қауіпті дертті жұқтырудан әлі де Шығыс Қазақстан облысы көш бастап келеді. Соңғы тәулікте аталған өңірде инфекцияның тағы 222 дерегі тіркелді.

Өткен 24 сағат ішіндегі өңірлер бойынша КВИ-ге қатысты эпидемиологиялық жағдай мынадай:

Нұр-Сұлтан қаласы - 35

Алматы қаласы - 25

Шымкент қаласы - 8

Ақмола облысы - 29

Ақтөбе облысы - 6

Алматы облысы - 7

Атырау облысы - 8

Шығыс Қазақстан облысы - 222

Жамбыл облысы - 4

Батыс Қазақстан облысы - 29

Қарағанды облысы - 20

Қостанай облысы - 18

Павлодар облысы - 50

Солтүстік Қазақстан облысы - 32

Түркістан облысы - 1

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 114235.

Еске сала кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру деректерінің көбейе бастауына байланысты бірқатар өңірде карантин қайта күшейтілді. 9 қарашадан бастап Павлодар облысында бірқатар шектеу шаралары қабылданады. Аталған аймаққа блок-бекеттер орнатылып, көптеген нысандардың жұмысы шектеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883162-kazakstanda-covid-19-zktyrgandar-sany-tagy-da-artty/

pixel