RU

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан жеті адам қайтыс болды

Қазақстанда тағы 83 адамнан коронавирус анықталды
Көрнекі фото: Vincent Duterne / Photonews via Getty Images

Өткен тәулікте коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан жеті қазақстандық көз жұмды. Оған қоса, елімізде пневмонияны жұқтыру жағдайына қатысты соңғы мәліметтер жария болды деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің ресми Telegram-каналы.

Соңғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның тағы 209 жаңа дерегі тіркелген. Қауіпті дерт салдарынан бір науқас қайтыс болды.

Ал, қалған алты өлім дерегі COVID-19 себебінен орын алды.

"Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 5 223 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 340 бала бар. Стационарларда 2 572 науқас жатыр. 2 651 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 148 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады" , - делінген министрліктің хабарламасында.

Айта кетейік, өткен тәулікте республика бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 494 адам анықталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883166-kazakstanda-bir-tulikte-koronavirus-pen-pnevmoniadan-zeti-adam-kajtys-boldy/