Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар қаласының бұрынғы әкімі тұтқындалды

Опубликовано:

Фото
Фото: inbusiness.kz

Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов тұтқындалды. Оған жемқорлық фактісі бойынша айып тағылып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдиновке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Ол пайдалану үшін белгіленген талапқа сәйкес келмейтін нысанды облыстық бюджет қаражаты есебінен 240 миллион теңге мөлшеріндегі қаражатқа заңсыз сатып алған деген күдікке ілініп отыр.

Экс-шенеунікке қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Оразгелді Қайыргелдинов Павлодар қаласында 2011-2014 жылдары басшылық еткен. Одан кейін бұл лауазымға Болат Бақауов келді. Кейін Қайыргелдинов облыс әкімі аппаратының коммуналдық кәсіпорнын басқарды, ал екі жылдан кейін аудан әкімі қызметін атқарды. 2019 жылғы желтоқсанда ол жұмыстан шықты, ал осы жылдың қаңтарында ауыл шаруашылығы жұмысшыларының аймақтық салалық кәсіподағы басшысының орынбасары болды. 

Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде бір мыңнан аса пара алу фактісі тіркелген. Биыл пара алушылар өткен жылғыдан 10 пайызға көп екен. Пара алу антирекордында Алматы облысы көш бастап тұр.

Сондай-ақ бұған дейін Түркістан облысында парамен ұсталған судья мен кәсіпкерің сотталғанын жазған едік.

Судья Түгел Бекімбетов 300 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде қолға түскен. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылса, пара беруші кәсіпкер 2,5 жылға сотталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883200-pavlodar-kalasyny-bryngy-kimi-ttkyndaldy/

pixel