Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да темекі шегіп отырып, ұйықтап кеткен тұрғын өрттен қаза тапты

Опубликовано:

Өрт
Көрнекі сурет: pixabay.com

Өскеменде темекі шегіп отырып, ұйқыға кеткен ер адам өрттен қаза тапты. Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бесінші қарашаға қараған түні Өскемен қаласында Ахмер кенті ауданындағы Коммунальная көшесінде екіпәтерлі үйден өрт шықты. Үйді шарпыған жалыннан қонақ бөлмедегі жиһаз, түсқағаз, төбе, үй иесінің жеке заттары мен тұрмыстық техника жанып кеткен. Өрт сөндірушілер 15 шаршы метрдегі өртті ауыздықтады.

Оқиға орнынан 1985 жылы туған пәтер иесінің мәйіті табылды.

"Тілсіз жаудың себебі - сөнбей қалған темекі тұқылының диван мен киімге түсіп, жануы. Қаза болған адамнын әпкесінің айтуынша, марқұм мас болған", - делінген хабарламада.

Темекі шегу кезіндегі абайсыздық пен немқұрайлық – өрт тұтануының ең жиі кездесетін себептерінің бірі екенін ескерткен ШҚО төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды абай болуға шақыруда.

"Темекі тұқылы жанғыш материал бетіне түскенде ол жер бықсып жана береді, ал темекі қалдығы сөніп қалады. Бықсу ошағы қолайлы жағдай туындаған кезде өртке ұласуы ықтимал. Темекіні жатып шегу өте қауіпті, әсірісе мас күйде. Адамдар темекі қалдығы түскен жер жанып жатқан кезде шығатын улы газға тұншығып өледі. Өкінішке қарай, темекі шегушілер қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелеріне селқостық танытады және осылайша өз өмірін қатерге тігеді", - дейді мекеме өкілі.

Еске салсақ, бұған дейін біз Алматыда дүкен өртеніп, 57 жастағы әйел тоққа түсіп қалғанын жазған едік.

Одан бөлек, Алматыдағы "Жібек жолы" базарынан өрт шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1883212-sko-da-temeki-segip-otyryp-jyktap-ketken-trgyn-rtten-kaza-tapty/

pixel