Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхамеджан Тазабеков алғаш рет өзінің ұстанған ақидасына қатысты сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Мұхамеджан Тазабековтің желідегі парақшасы
Фото: instagram.com/mukhamedzhan_tazabek

Айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабеков мүфтияттың Алматыдағы бас ғимаратында болған жиында өзінің ұстанған ақидасына қатысты қоғамда туындаған сұраққа нүкте қойды. Сондай-ақ ол "Асыл арнаны" жабатынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Ақынның желідегі жазбасына сай, бұл туралы мүфтияттың Алматыдағы бас ғимаратында өткен тарихи жиында сөз болған.

"Мен де шыны керек, осы күнге дейін толық жауабы берілмеген, нүктесі қойылмаған, қоғам тарапынан туындап жүрген сұрақтарға бүгінгі берекелі жиында ашық, айқын жауап тауып, жүрегім ғұламалар насихаты мен уағызынан қанағат тапты.

Ақидамыз Мәтруди, мазһабымыз Ханафи, қара шаңырағымыз Мүфият деген ұстаныммен, ынтымақ- бірлікпен жиын соңында тарқастық", - деп жазады ол әлеуметтік желіде.

Сондай-ақ айтыскер өзі басқаратын "Асыл арна" телеарнасының жабылатынын жария етті. Мұхамеджан Тазабековтің сөзінше, ол еліміздің бас мүфтиіне осындай уәде берген.

"Біраз уақыт бұрын бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездескенде бүгін ғана тұсауы кесіліп жатқан "Халық арна" діни каналы жайында сөйлескен болатынбыз. Егер діни канал (телеарна - ред.) ашып жатсаңыздар, "Асыл арнаны" жауып, орынына басқа арна ашамын, ал, діни контенттерді басы бүтін өздеріңізге тапсырамын" деп айтқан болатынмын.
Себебі, діни уағызбен діни басқарма толықтай өздері айналысқаны жөн. Қазір бұрынғыдай емес, діни басқарманың кадрлық, қаржылық құзыреті діни арнаның қызметін қамтуға жеткілікті", - дейді ақын.

Телеарна директорының айтуына қарағанда жыл аяғына дейін "Асыл арна" жаңа концепциясын дайындап, өз көрермендеріне "Тәлімтв" деген жаңа атпен жол тартпақ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын біз Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Борат" фильміне қатысты туымызға құрметсіздік жасаған шетел азаматтарының өрескел әрекетін қатаң айыптағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883231-mhamedzan-tazabekov-algas-ret-zini-stangan-akidasyna-katysty-srakka-zauap-berdi/

pixel