Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Польшада жаңа шектеулер енгізіледі

Опубликовано:

тәж45
Көрнекі фото: pixabay.com

Польшада коронавирусты жұқтырғандардың саны артуына байланысты жаңа шектеулер енгізіледі деп хабарлайды Хабар 24.

Шара алдағы сенбіден бастап күшіне енеді. Оған сәйкес елде барлық кинотеатр мен театрлар, мұражай, қоғамдық және музыкалық орталықтар жабылады. Ал қарашаның 9-ынан барлық сынып оқушылары қайта қашықтан оқу жүйесіне көшеді.

Премьер-министрдің мәлімдеуінше, егер бұл шаралар нәтиже бермей, дертті жұқтырғандар қарасы көбейсе, жалпыұлттық карантин енгізілмек. Айта кетейік, 38 млн халқы бар Польшада дертке шалдыққандар саны 440 мыңнан асқан.

"Елде індеттің таралуы қайта күшейіп, коронавирусты жұқтырғандар саны көбейді. Сондықтан бізде қауіпті вируспен күресті күшейтуіміз қажет. Жаңа шаралар азаматтарымыздың өмірін қорғауға себеп болып, денсаулық сақтау саласына түсетін ауыртпалықты азайту үшін қолға алынып отыр",- дейді Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий.

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы шыққан статистикалық мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы тағы 494 адамнан анықталды.

Бір күн бұрын Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 432 адамды құраған болатын. Қауіпті дертті жұқтырудан әлі де Шығыс Қазақстан облысы көш бастап келеді. Соңғы тәулікте аталған өңірде инфекцияның тағы 222 дерегі тіркелді.

Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан жеті қазақстандық көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1883254-polsada-zaa-sekteuler-engiziledi/

pixel