RU

Ұлыбританияда бүгіннен бастап карантин енгізілді

"Қашып кетпек болды": Шетелден оралған 22 жолаушы ПТР тест тапсырудан бас тартты
Көрнекі фото: astana.kz

Ұлыбританияда бүгіннен бастап карантин енгізілді деп хабарлайды Хабар 24.

Ал кәрі құрлықта індет кеңінен таралған елдің бірі Ұлыбританияда бүгіннен бастап карантин енгізіледі. Шектеу шаралары желтоқсан айына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында тұрғындардың үйлерін негізгі тастап шығуына тыйым салынады.

Мейрамханалар мен дәмханалар және азық-түлік дүкендерінен бөлек сауда орындарының бәрі жабылады. Осыған байланысты Лондонда дүкендерге асыққан адамдар көбейіп, ұзын-сонар кезектер пайда болған.

Ал пандемия басталғанда Еуропада індеттің ошағына айналған Италияда қайта коменданттық сағат енгізілді. Себебі Аппенин түбегінде вирустың таралуы күшейе түскен. Осыған байланысты ел аумағы 3 аймаққа бөлінген.

"Елде індеттің таралу қаупі жоғары өңірлер бар. Олардың қатарына Калабрия, Ломбардия, Пьемонт аймақтарын жатқызуға болады. Бұл өңірлерде қатаң шаралар енгізіледі. Тұрғындардың жүріп-тұруы шектелді. Біз барлық азаматтардан жауапкершілік танытып, тәртіпке бағынуын сұраймыз", - деді Италия премьер-министрі Джузеппе Конте.

Айта кетейік, Қазақстанда соңғы шыққан статистикалық мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы тағы 494 адамнан анықталды.

Бір күн бұрын Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 432 адамды құраған болатын. Қауіпті дертті жұқтырудан әлі де Шығыс Қазақстан облысы көш бастап келеді. Соңғы тәулікте аталған өңірде инфекцияның тағы 222 дерегі тіркелді.

Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан жеті қазақстандық көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883255-lybritaniada-bginnen-bastap-karantin-engizildi/