Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында екі апталық қатаң карантин енгізілмек

Опубликовано:

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қостанай облысында коронавирус жағдайының күрделене түсуіне байланысты өңірдің жедел штабы карантин шараларын 2020 жылдың 9 қарашасынан бастап 2 аптаға қатаңдату туралы шешім қабылдады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс әкімдігі жанындағы жедел штабтың шешіміне сай:

- Қостанай қаласының периметрі бойынша блокпостар қоя отырып, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы автоөтпе жолдар ауданында карантин енгізіледі;

- коронавируспен сырқаттанушылықтың күн сайынғы өсімі 10-нан асатын елді мекендерде санитариялық блок-бекеттер қою;

- ПТР анықтамасы жоқ жүк көлігі мен жолаушылардың Қостанай облысына кіруіне тыйым салынады, анықтама болмаған жағдайда адамдар тексеру үшін 2 күнге дейінгі мерзімге карантиндік ауруханаға жіберіледі;

- әуе арқылы қатынайтын жолаушыларда теріс нәтижесі бар ПТР анықтамалардың міндетті түрде болуы (мерзімі берілген сәттен бастап 3 тәулік);

- әуежайларға, темір жол вокзалдарына күтіп алатын және шығарып салатын тұлғаларды кіргізуге тыйым салу (билет болған жағдайда ғана өткізіп алу);

- темір жол тасымалдарының көлемі мен кезеңділігін қысқарту ("Қазақстан темір жолы" АҚ-мен келісім бойынша);

- Қостанай облысы елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың жүріп-тұруы сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін шектеу;

- отыратын орын саны бойынша қоғамдық көлік жұмысына сағат 06.00-ден бастап сағат 20.00-ге дейін рұқсат беру. Демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұру;

- діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметін тоқтата тұру;

- мәдениет объектілерінің (жеке, топтық дайындықтар), кітапханалардың, мұражайлардың қызметін тоқтата тұру;

- үй-жайлардағы қоғамдық тамақтандыру объектілеріне бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда жұмыс күндері сағат 08.00-ден бастап сағат 21.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сағат 21.00-ден кейін тек жеткізу және алып кету режимінде жұмыс істейді. Аталмыш орындарда салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шараларды өткізуге рұқсат жоқ.

- Жексенбі және мереке күндері сағат 21.00-ден кейін жұмыс тек алып кету және жеткізу режимінде болады;

- 08.00-ден бастап 19.00-ге дейін жұмыс режимімен алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА-орталықтардың, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметіне рұқсат беру. Жексенбі күндері тоқтата тұру;

- жұмыс күндері алдын ала жазылу бойынша фитнес-орталықтардың, жаттығу залдарының және спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметіне сағат 08.00-ден бастап 19.00-ге дейін рұқсат беру. Бұл ретте нысанды толтыру 50%-дан аспауы керек және тығыздығы бір адамға 5 шаршы метрден кем болмауы шарт. Демалыс және мереке күндері нысандардың қызметі тоқтатыла тұрады;

- спортшылардың Қазақстаннан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін кетуіне тыйым салу;

- жерлеу іс-шараларын өткізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 20-дан астам адамның (отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының) жиналуына жол бермеу;

- күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салу;

- мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің 80%-ының жұмысын қашықтықтан режимге көшіру;

- жолаушылар саны 2 адамнан аспайтын, сағат 21:00-ден 06.00-ге дейін таксидің жүріп-тұруын шектеу;

- театрлардың, кинотеатрлардың қызметін тоқтата тұру;

- сауда үйлері, сауда орталықтары, азық-түлік емес дүкендер үшін жұмыс режимін 10:00-ден 20:00-ге дейін шектеу.

- азық-түлік дүкендерінің жұмыс режимін сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін шектеу;

- демалыс және мереке күндері қалааралық қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтата тұру.

Еске салсақ, бұған дейін 9 қарашадан бастап Павлодар облысында бірқатар шектеу шаралары қабылданатыны туралы жазған едік.

Сонымен қатар Көкшетау маңына блок-бекеттер қойылатыны белгілі болды. Жалпы Ақмола облысында 9 қарашадан бастап жаңа шектеулер енгізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883261-kostanaj-oblysynda-eki-aptalyk-kata-karantin-engiziledi/

pixel