RU

Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

жел
Көрнекі фото: sterhluki.ru

6 қараша, ертең ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптектердің мәліметінше, Ақмола облысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады деп күтіліп отыр.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Оның күші күндіз 15-20 м/с жетеді.

6-7 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады деп болжануда. 6 қарашада күндіз, 7 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с артады. Кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қараша айынан бастап Қазақстанда не өзгеретінін жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, алдағы қыс мезгілі елімізде қандай болатынын ауа райын болжаушылар айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883316-kazakstanny-4-oblysynda-aua-rajyna-bajlanysty-eskertu-zarialandy/