RU

Таразда ер адам сот ғимаратын "жарамын" деп елді дүрліктірді

Орал
Көрнекі фото: NUR.KZ

Тараз тұрғыны сот ғимаратын "жарамын" деп елді дүрліктірген. Ол мекемеге кірген бойда, "сөмкемде граната бар, оны іске қосамын" деп айғайлаған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл туралы 102-ге хабар түскен. Оқиға орнына күштік құрылымдар жедел жетіп, қалалық нөмірі 2-ші сот ғимаратын қоршауға алыпты.

Сонда көптің үрейін алған 49 жастағы азаматтың құрықталғаны белгілі болды. Тексеру кезінде оның сөмкесінен ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Белгілі болғандай, бұл азаматтың ақыл есінде ауытқуы бар екен. Ол психдиспансерде тіркеуде тұрған. Қазіргі уақытта аталған жағдайға байланысты тергеу жұмыстары басталды.  

"Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273 бабы, яғни терроризм туралы көрінеу жалған хабарлау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті Жамбыл облыстық психоневрологиялық диспансеріне орналастырылды", - деді Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетейік, жақында ғана Қарағандыда ер адамның әйелімен болған жанжалдан кейін өз-өзіне қол салатынын айтып, қорқытқанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ бұған дейін Алматы облысының полицейлері Қапшағай көпірінен секірген бойжеткенді құтқарып қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883319-tarazda-er-adam-sot-gimaratyn-zaramyn-dep-eldi-drliktirdi/