Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ержүрек күзетші терезеден секіріп кеткен баланы қағып алды (фото)

Опубликовано:

Бала
Скриншот: Good Morning Shandong

Қытайда батыр күзетші балабақша терезесінен секіріп кеткен балақайды қағып алып, құтқарып қалды деп жазады Daily Mail.

Бір апта бұрын Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясының Синьхэ ауылындағы балабақшалардың бірінде болған бұл жайт көптің талқысына түскен.

Балабақшаның үшінші қабатының терезесінен секірген баланы күзетші құтқарып қалған.

Бала
Скриншот: Good Morning Shandong

Кейін белгілі болғандай, балақай кездейсоқ дәретхана бөлмесіне қамалып, әбден қорқып қалған. Қамалып отыруды қаламаған бүлдіршін әжетханадан шығу үшін терезеден секіруге бел буады. Тәрбиешілер оны бұлай жасамауға көндіруге тырысқанымен, балақай олардың сөзіне еш көнбей қойған.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған бейнежазбада баланың үшінші қабаттан құлап бара жатқан сәтінде оны күзетші қағып үлгергенін байқауға болады. Ер адам қолдарымен құлау инерциясын әлсіретіп, нәтижесінде бала аман қалған.

Бала
Фото: Good Morning Shandong

Кішігірім жарақаттар алған балақай емханаға жатқызылған. Ол жақын арада емханадан шығады деп күтілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда жол апатына ұшыраған көлік жүргізушісі аман қалғанын жазған едік. Зардап шеккен жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілген.

Одан бөлек, Португалия президенті Марселу Ребелу де Соуза жағажайда демалып жүргенде суға батып бара жатқан екі бойжеткенді құтқарып қалғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1883335-erzrek-kzetsi-terezeden-sekirip-ketken-balany-kagyp-aldy-foto/

pixel