Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грекия билігі жалпыұлттық локдаун жарияламақ

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: Marijan Murat/picture alliance via Getty Images

Грекияда COVID-19-дың таралуына байланысты жергілікті билік аймақта жалпы ұлттық локдаун жарияламақ. Бұл туралы елдің премьер-министрі хабарлады деп жазады "Хабар 24".

Жаңа шектеу шаралары 7 қарашада күшіне еніп, осы айдың соңына дейін жалғасады. Енді тұрғындар аса қажеттілік болмаса үйден шыға алмайды. Ал себеп болған жағдайда арнайы нөмірге хабарландыру жіберу керек.

Сонымен қатар ауданаралық қатынасқа тыйым салынып, аймақтағы өндіріс орындарының жұмысы тоқтайды. Бұл шектеулердің азық-түлік дүкендері, дәріхана, медициналық орталықтар, мектептер мен балабақшаларға қатысы жоқ.

Әйтсе де гимназия мен лицейлерде оқитындар қашықтан оқу форматына көшетін болады.

"Тиісті шараларды алдын ала қабылдағанымыз жөн. Көптеген Еуропа елдері эпидемиологиялық ахуал бақылаудан шыққаннан кейін карантинге жабыла бастады. Сондықтан халыққа қауіп төндірмей уақытында локдаун жариялауымыз керек", – деді Грекия премьер-министрі Кириакос Мицотакис.

Еске салсақ, кәрі құрлықта індет кеңінен таралған елдің бірі Ұлыбританияда 5 қарашадан бастап карантин енгізілген болатын.

Сондай-ақ Польшада коронавирусты жұқтырғандардың саны артуына байланысты жаңа шектеулер енгізіледі. Оған сәйкес елде барлық кинотеатр мен театрлар, мұражай, қоғамдық және музыкалық орталықтар жабылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1883344-grekia-biligi-zalpylttyk-lokdaun-zarialamak/

pixel