Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус кезінде қандай өнімдерді тұтынбаған жөн

Опубликовано:

Тағам
Көрнекі сурет: pixabay.com

Терапевт-дәрігер Филипп Кузьменко коронавирус кезінде қандай өнімдерді көп тұтынбаған абзал деген сұраққа жауап берді деп жазады РИА Новости.

Маманның сөзіне сенсек, коронавирус жұқтырған науқастар тұзды тағамның мөлшерін шектеп, диета ұстауы керек.

Сонымен бірге алкоголь көп ішпеген абзал дейді терапевт Филипп Кузьменко Sputnik радиосына берген сұхбатында.

Маман ағзадағы су-тұз балансының дұрыс сақталуына COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу кезінде баса назар аудару керектігін ескертті.

"Тұздалған балық пен қиярды және өзге тұзды тағамдарды көп жеуге болмайды. Оның орнына суды көбірек ішу керек. Сонымен қатар ең бастысы, алкогольді пайдалануды шектеу керек, өйткені бұл бірінші кезекте ағзадағы су мөлшерінің азаюына ықпал етеді", - дейді Кузьменко.

Дәрігер тұзды тағам қанды одан бетер қоюландыратынын алға тартып, бұл жайт коронавирус жұқтырғандардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін айтуда.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 600-ге жуық адам коронавирус жұқтырған.

Олардың 250-і Шығыс Қазақстан облысында.

Одан бөлек, Ұлыбританияда, Польшада да коронавирус жұқтырғандар санының артуына байланысты жаңа шектеулер енгізілгені белгілі болды.

Сондай-ақ COVID-19-ға байланысты Грекия жалпы ұлттық локдаун жариялайтынын хабарлады. Жаңа шектеу шаралары 7 қарашада күшіне еніп, осы айдың соңына дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883376-koronavirus-kezinde-kandaj-nimderdi-ttynbagan-zn/

pixel