Желіде Бекшиннің 150 адамға іс-шара өткізуге рұқсат берген құжаты тарап кетті
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде Алматы бас санитар дәрігерінің қолы қойылған, қаладағы қонақүйлердің бірінде 150 адамға іс-шара ұйымдастыруға рұқсат беретін құжат тарап кетті деп хабарлайды zakon.kz.
Құжатта "Ритц-Карлтон қонақ үйінде қатысушылар саны 150 адамнан аспайтын іс-шаралар өткізу" келісіледі. Рұқсат беруге "санитарлық-профилактикалық және санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың толықтығы" негіз болған.
Алматы саниатрлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде құжатқа қатысты пікір білдірді.
Белгілі болғандай құжат спортшыларға құрмет көрсету және қызметкерлерді оқыту үшін бір реттік іс-шара өткізуге "Капитал Тауэр Девелопмент" ЖШС-ға берілген.
"Бұл мәселе Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы өткізген онлайн форматтағы бірлескен жиналыстарда бірнеше рет талқыланды. Спортшыларға құрмет көрсету және қызметкерлерді оқытуға байланысты бір реттік іс-шара "Ритц Карлтон" қонақүйінің бірінші қабатында санитарлық талаптарды сақтай отырып, 900 адамға арналған залда 150 адамның қатысуымен өту керек еді", - деп түсіндірді департаменттен.
Онда ЖШС-ға коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында Қазақстанның бас санитар дәрігері, сондай-ақ Алматының бас санитар дәрігері қаулыларының талаптарын сақтау қажеттілігі туралы түсініктеме берілгенін хабарлады.
"ЖШС басшылығы ауаны залалсыздандыру үшін ауа алмасу жүйесіне рециркуляторлар мен бактерицидті сәулелегіштерді орнату жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар ауаны залалсыздандыру үшін ғимартта ауаны патогендік микрофлорадан тазартуға көмектесетін озон генераторын орнатқан. Озон микробқа қарсы әсерге ие және тиімді дезинфекциялық құрал.
Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша, залда, ауа тарататын секцияларында алтын түстес стафилококк, зең және ашытқы саңырауқұлақтары, микроорганизмдердің жалпы саны табылған жоқ, бұл емдеу мекемелерінің нормаланған көрсеткіштерінен едәуір жақсы. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Департамент спортшыларға құрмет көрсетуге, сондай-ақ осы залда орын саны 150-ден аспаған жағдайда қызметкерлерді оқыту мүмкіндігіне жазбаша жауап берді", - деп хабарлады департаменттен.
Алайда 17 қазанда Бостандық ауданының мониторингтік тобы "Ритц Карлтон" ғимаратында жоғарыда көрсетілген жауапты рұқсат құжаты ретінде пайдалана отырып, банкет (үйлену той) өткізу фактісін анықтады.
Осыған байланысты, спортшыларды ұлықтауға берілген рұқсат кері қайтарылып алынған.
Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде тағы 591 адамнан коронавирус анықталды.
Ал алматылық дәрігер қала тұрындарын санитарлық шараларды сақтауға шақырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883379-zelide-beksinni-150-adamga-is-sara-tkizuge-rksat-bergen-kzat-tarap-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.