RU

"Іштен жасалып отырған тапсырыс": Бахтияр Артаев Боратқа қатысты өз пікірін айтты

Бахтияр Артаев
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал боксшы Бахтияр Артаев атышулы Бораттың мәселесіне қатысты не ойлайтынын ашық айтты. Спортшы бұл істің мемлекет ішінен жасалып отырғанын болжады. Оның пікірінше, халықтың ашуын тудырып отырған жағдай шын мәнінде тапсырыс болуы мүмкін деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бахтияр Артаев Бораттың елімізге қатысты істеп жатқан әрекеттері оны да намыстандыратынын жасырмады. Белгілі боксшы оны қолға түсірсе, сол жерде таяғын беруге әзір екенін алға тартты. Ол Қазақстан туын қорлағандар жазасыз қалмау керектігін "Talk Like" бағдарламасында айтты.

"Намыстандырады. Бұл мәселені бәрі туға қатысты флешмоб жасап көтеріп жатыр. Бұл жерде меніңше, қозғалыс жасаудың қажеті жоқ шығар. Шын мәнісінде бел буып, оның терісін сыпырып алып келу керек қой. Істен әрекетке көшу керек қой. Егер ол көзімнің алдында тұрса, еш күмән болмасын. Өзім-ақ істеймін соны. Тағы айтқым келетіні, бұл сыртпен емес, іштен жасалып отырған нәрсе.
Оны тапсырыс деп айтуға болады. Оны іште жүрген бір арам құ тұяқтың тірлігі, іштен беріліп отырған дүние деп ойлаймын. Бұл менің жеке пікірім. Көзі ашық азамат ретіндегі ойым. Айдалада жүрген біреуге Қазақстанның не керегі бар. Егер Борат қолыма түсіп қалып жатса, сол едің заңына қарамайтын едім. Сол жерде аямай, таяғын беруге әзірмін" , - деді Бахтияр Артаев.

Еске салсақ, Австралияның Сидней қаласындағы жағажайлардың бірінде Бораттың мүсіні қойылып, Қазақстан туымен флешмоб ұйымдастырылған болатын.

Одан кейін қазақстандықтар оған жауап ретінде әлеуметтік желіде мемлекеттік туымызбен түскен суреттерін жариялап, көк ту қалай мақтан тұтатындарын жазған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883398-isten-zasalyp-otyrgan-tapsyrys-bahtiar-artaev-boratka-katysty-z-pikirin-ajtty/