Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде апалы-сіңлілі қыздарға алданған жігіт сан соғып қалды

Опубликовано:

жігіт
Көрнекі фото: zygmantovich.com

Ақтөбе тұрғыны апалы-сіңлілі әйелдерге алданып, ай-күннің аманында 2 миллион теңгеге жуық ақшасынан айырылып қалды. Редакцияға хабарласқан Марат Отарбай есімді жігіт әйелдердің алаяқ екеніне сенімді. Олар Маратқа қыз зорлау айыбы тағылған ағасы мен інісіне жазған арызды қайтарып алуға сөз беріп, одан 1 миллион 700 мың теңге алып алған. Марат полицияның істі дұрыс тергемей жатқанын айтып шағымданды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Марат Отарбайдың айтуынша, оның ағасы мен інісі қыздармен бірге отырыс жасап, ішімдік ішкен. Оның арты екіжақты келісіммен жақын қатынасқа ұласқан. Ертеңінде қыздардың таныстары Маратты "Ағаң қыз зорлады, соттатамыз" деп бопсалап, 500 мың теңге талап етіпті.

"Менің Ақтөбеде шағын дөнерханам бар. Сол жерге маған сақалды жігіттер келіп: "Ағаң қыз зорлады, 500 мың теңге бермесең сотқа арыз жазамыз " деді. Менде ондай ақша жоқ еді. Бермей қойдым. Артынан олардың арыз жазғаны белгілі болды. Сот отырысы болмай тұрып, маған тағы да өзін қыздардың апайымын деп таныстырған Дариға есімді әйел хабарласты. Ол Альбина Байжазықованың (ағаммен қатынаста болған қыз) 1 500 000 теңге сұратып жатқанын жеткізді. Егер ақша берсем, ағамды сотта кешіретінін айтты. Менде барлық аудиожазбалар сақтаулы. Ақыры үйімді кепілге қойып, кредит алып бердім. Ақшаны нотариус арқылы қолхат жаздырып қолына ұстаттым. Олар менің сеніміме кіріп, адвокаты үшін тағы 200 мың теңге төлеттіріп алды", - дейді алданған жігіт.

Марат Отарбайдың ағасы мен інісі тоғыз жылға сотталып кетті.

Марат Отарбай Ақтөбе қалалық №1 полиция бөлімшесіне ақша бопсалаған әйелдердің үстінен арыз жазған. Іс дұрыс тергелмей жабылып қалған соң, ол прокуратураға шағымданды.

"Полиция істі бір рет жапты. Бірақ прокуратура қайта жалғастыру туралы шешім шығарды. Істің осылай созылып келе жатқанына алты айдан асты. Мен ішкі істер министрлігінен істің дұрыс тергелуіне көмек сұраймын", - дейді Ақтөбе тұрғыны.

KAZ.NUR.KZ порталы материал дайындау барысында осы іспен айналысқан тергеушіге хабарласты. Ақтөбе қалалық №1 полиция бөлімшесінің қызметкері ресми жауапты үш күннің ішінде беретінін мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883401-aktbede-apaly-silili-kyzdarga-aldangan-zigit-san-sogyp-kaldy/

pixel