Күніңізді жоспарлап, қалай жақсы өткізуге болатынын білесіз бе
Жарияланған күні:
Коуч Лиза Бейкер биодаралық концепциясын қолдайды. Бұл идеяның мәні мынада: әр адам әртүрлі. Біреуге күз жағады, біреуге жаз ұнайды, ал біреу жұрттан бұрын ерте тұрады, біреу түнімен шабыттана жұмыс істейді. Дегенмен Бейкер әр адамға қолайлы, ортақ қағидалар бар екеніне сенеді. Күнді дұрыс жоспарлауға көмектесетін маманның жеті кеңесін everydaypower.com басылымы ұсынады.
1. Мүмкіндік болса қоңыраулы сағатсыз ояну
Қоңыраулы сағатпеу ояну – стресс. Ол ағзада стресс реакцияларының түзілуіне себеп болады. Одан бас тартып үйрену үшін ұйқыға жұмсайтын уақытты есептеп, уақытылы жатып, үйрену керек.
2. Күнді гаджетсіз бастау
Ұйқыдан тұрған соң, ұялы телефонға үңілуді қойған дұрыс. Оның орнына бес-он минут тыныс алу жаттығуын, медитация жасауға дағдыланған жөн. Ал ерте тұрған жағдайда физикалық жаттығуға, таңғы ас жасауға, кітап оқуға уақыт бөлу артық етпейді.
3. Күнді уақыт блоктарына бөлу
Адам бір уақытта бірнеше жұмысты қатар істей алмайды. Істесе де біз ойлағандай емес, бір жұмысты тастай сала екіншісіне ауысып отыру. Осындай жағдай адамның жұмыс өнімділігін 40 пайызға төмендетіп жібереді. Сол себепті күнді жоспарлағанда әр жұмысқа толығымен беріліп істейтіндей уақыт бөлген абзал. Ол үшін браузердегі артық беттерді жауып, хабарламаларды өшіріп қою керек. Осындай уақыт блоктары арасында поштаны тексеріп, кейінге қалдырған қоңырауларға жауап беруге болады.
4. Спорт пен тамақтану уақытын алдын ала белгілеу
Адам өзіне энергия беретін нәрседен басқасына уақыт табуға бейім, уақытылы спортпен шұғылданып, уақытылы тамақтанудың маңызын көбісі жете бағалай бермейді. Егер клиенттерге, отбасымыз бен достарымызға уақыт тапсақ, не себепті өзімізге уақыт таппауымыз керек?
5. Бірнеше шаруаны бірге тындырып тастау
Бір уақытта бірнеше жұмысты қатар істеу, әрине, зиян. Алайда бір-біріне кереғар болмайтын шаруалар бар. Мысалы жақындарыңызбен кездескенде бірге дүкен аралап үлгеруге, достарыңызбен кездескенде бірге спортпен шұғылдануға, үй жинап жүріп аудиокітап тыңдауға болады.
6. Ертеңге жоспар құру
Әр минутты жоспарлаудың қажеті шамалы. Ертең істеу керек ең негізгі шаруаларды тізіп шыққан артық етпейді.
7. Уақытылы ұйықтау
Ұйқыға қанша уақыт керегін анықтап алғаннан кейін қай уақытта оянатыныңызға қарай уақытылы ұйықтап үйрену қажет.
Күнді қалай бастасаңыз, солай аяқтаңыз: ешбір гаджетсіз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883430-kniizdi-zosparlap-kalaj-zaksy-tkizuge-bolatynyn-bilesiz-be/