RU

Жер сілкінді: Шымкент тұрғындары дүмпулерді сезді

Жер сілкінісі
Көрнекі фото: Хабар 24: Facebook

6 қараша күні Алматы уақыты бойынша 13 сағат 38 минутта Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды. Дүмпулерді Шымкент тұрғындарды сезінген деп хабарлайды "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ ресми хабарламасына сілтеме жасап.

Жер сілкінісін "ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ" ММ сейсмикалық станциялар желісі тіркеген. Оның эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 565 шақырым, Қырғызстан аумағында 30 шақырым тереңдікте орналасқан. MPV магнитудасы 5.7. Шымкент тұрғындары 2-3 баллдық дүмпу сезінген.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Измирде жер сілкінісі болған еді.

Іздеу-құтқару жұмыстары сегіз тұрғын үйдің үйіндісінде жүргізілуде.

Түркия жағалауындағы алғашқы жер сілкінісінен кейін Эгей теңізінде 1120 әлсіз жер асты дүмпулері тіркелген. Ал 43 жер асты дүмпуінің магнитудасы 4 балдан асқан.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бұған дейін жер сілкінісінің салдарын жою үшін мемлекетте барлық қажетті ресурc әзірленгенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы үйлерінен айырылған барлық азамат жаңа пәтер алатынын айтты.

Жер сілкісінен зардап шеккендер қатарында қазақстандықтар жоқ.

Табиғи апаттан 65 сағаттан соң үйінді астынан үш жасар қыз бала құтқарылды.

Элиф Перинчек Түркиядағы жер сілкінісінен кейін қирандылар астынан табылған 106- тұрғын болды. Бүлдіршін жақын маңдағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) басшысы Мехмет Гүллүоғлу баланың құтқарылғанына қуанышты екенін айтты. Ал Элифтің туыстары мұны ғажайыпқа теңеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883437-zer-silkindi-symkent-trgyndary-dmpulerdi-sezdi/