Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда КамАЗ карьерге түсіп кетіп, екі адам көз жұмды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысы аумағында КамАЗ-дың карьерге түсіп кетуі салдарынан жүргізуші мен оның қасында отырған адам қаза болды деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қайғылы жағдай 6 қарашада жұмыс уақытынан тыс уақытта, таңғы сағат 8-де Павлодар қаласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестің бірінің аумағында орын алған.

59 жастағы жүргізуші мінген КамАЗ артқа жүріп келе жатқан уақытта тереңдігі 6-7 метрлік шұңқырға құлап кеткені белгілі болды.

Соның салдарынан дене жарақатын алған жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза тапты.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтау қаласында да жантүршігерлік жол апаты орын алды. Жол-көлік оқиғасына түскен ер адам өз көлігінде өртеніп кетті. 22 жастағы "Тойота Камри" жүргізушісі көлікті дұрыс басқара алмай, оның салдарынан бағанаға соғылған. Полиция жол апатының анық-қанығын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1883445-pavlodarda-kamaz-karerge-tsip-ketip-eki-adam-kz-zmdy/

pixel