RU

АҚШ-тағы сайлау: Байден Джорджия штаты бойынша басым түсті

АҚШ-тағы сайлау
Көрнекі фото: The Washington Post

Джо Байден 16 сайлаушымен Джорджия штатындағы көшбасшылықты қолына алды деп хабарлайды Fox News.

АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байден 16 сайлаушымен Джорджия штатындағы басымдылыққа ие болды. Бұл өңірде осыған дейін Дональд Трамп алда келе жатқан еді.

Соңғы мәліметтер бойынша, Байден 49,39%, Трампта 49,37% дауысқа ие.

Америка сенатындағы орындар алты жылда бір сайланады. Биылғы сенат сайлауына 35 орын ұсынылды, оның ішінде Аризона мен Джорджия штаттарында кезектен тыс сайлау бар. Демократтарға бақылауды қолға лау үшін төрт орынға отыру керек. Республикашылдар бақылауды ұстап тұру үшін кем дегенде 21 орынға ие болуы керек.

Еске салсақ, бұған дейін Байден жеңіске жетуге қажетті сайлау дауыстарын жинай алатынын мәлімдеген болатын.

Одан бөлек, Байденнің штабы өз кандидатының АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жеткенін жариялаған еді.

Сол арада Нью-Йоркте, Вашингтонда және Детройтта наразылық акциялары басталып кетті. Шерушілер АҚШ-тағы президенттік сайлауда барлық дауыстардың есептелуін талап етуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883450-aks-tagy-sajlau-bajden-dzordzia-staty-bojynsa-basym-tsti/