Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысындағы блок-бекеттерден кімдер өте алады

Жарияланған күні:

блок-бекет 12
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

9 қараша күні Павлодар облысында бірқатар шектеу күшіне енеді. Бұл жайында COVID-19 тарауына жол бермеу жөнінде ведомствоаралық комиссия отырысында белгілі болды. Енді өңірдегі бас санитар дәрігерінің қаулысы жарық көрді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Осыған дейін күнде коронавирус жұқтырудың 10-нан астам дерегі тіркелген Павлодарда периметр бойынша блок-бекеттер қойылады, сондай-ақ, елді мекендерде санитарлық бекеттер пайда болады

Аймақтың бас дәрігерінің жарияланған қаулысында блок-бекеттер арқылы өту үшін pvlinfo.kz (9-13 қарашаны қоса алғандағы кезеңде - жұмыс берушінің мөрімен расталған еркін нысандағы анықтамасы болған кездегі қозғалыс) сайтына тіркелу қажет болады делінген

Блок-бекеттер арқылы, соның ішінде жаяу жүру тәртібімен қозғалыс шектелетін болады.

Мына жайттар есепке алынбайды:

- елді мекендерде тұрақты тұратын адамдардың кетуі;

- апаттық, медициналық қызметтер, құқық қорғау органдары, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, табиғат қорғау, ветеринариялық қызметтер, жол-жөндеу қызметтері;

- Ауыл шаруашылығы, ара шаруашылығы жұмыстарына тартылған адамдар;

- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;

- медициналық көрсеткіштер бойынша кететін және келетін, ілесіп жүрушілер (жүргізушіні қосқанда 2-ден көп емес);

- карантиндік стационарларда емделуде және бақылауда болғандар, оларға еріп жүрушілер (жүргізушіні қосқанда 2- ден көп емес);

- тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұру;

- облыстың шаруашылық тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған тамақ өнімдері, дәрі-дәрмектер, тауарлар, жабдықтар мен материалдар, қатты, сұйық отын және ЖЖМ бар көліктер.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар аудандары қосымша шектеулер енгізілді. Олар 9 қарашадан бастап күшіне енеді. Тиісті қаулыға облыстың бас санитар дәрігерінің орынбасары қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883453-pavlodar-oblysyndagy-blok-beketterden-kimder-te-alady/