Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп оқушысын өзенге апарып, тұншықтырып өлтірген төрт күдікті ұсталды

Опубликовано:

мәйіт
Көрнекі фото: van-horn.net

Ресейдің Краснодар өлкесінде 16 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды деп хабарлайды Lenta.ru.

23 қазан күні 19 жастан 23 жасқа дейінгі күдіктілер мектеп оқушысын автокөлікпен Енисейге алып келген. Жастар арасында кикілжің басталып, жігіттер қызды тұншықтырып тастаған. Өз қылмыстарын жасыру үшін олар оқушының денесін қойнауға лақтырып жіберген, ал үстіне қоқыстар мен бұтақтар тастаған.

Қыздың жоғалып кеткенін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор анықтаған. Марқұмның жанұясы мұқтаж болған, ал анасы қызын бірнеше күн бойы көрмеген. Ол қызымен хабарласа алмағандықтан, іске полиция араласқан.

4 қараша күні марқұмның денесі азаптау белгілерімен Коркинский көпірінен табылды. Аталған факті бойынша РФ ҚК 105- бабы 1- бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, Қытайдың Шэньси провинциясында ұлы өз анасын тірідей көміп тастаған. Сот оған үкім шығарды.

Өз анасын тірдей өлтіргісі келген 58 жастағы азамат сотталды. Басылым ақпарынша, ол 79 жастағы анасын қоларбаға салып, тастанды қабірге өзі көмген. Егде жастағы әйел жоғалып кеткен соң үш күн өткеннен кейін күдіктінің әйелі полицияға хабарласқан. Кейуана қабірде шамамен 70 сағат жатқан, ол ауруханаға жеткізілді.

Болған оқиғадан кейін анасы ұлын абақтыға отырғыза ма деп уайымдаған. Алайда, қыркүйекте қария қайтыс болды. Шэньси провинциясының соты марқұмның ұлын ұйымдасқан кісі өлтіруде кінәлі деп таныды, қытайлық азамат он екі жылға сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883469-mektep-okusysyn-zenge-aparyp-tnsyktyryp-ltirgen-trt-kdikti-staldy/

pixel