RU

Шымкентте кезекті рет карантин мерзімі ұзартылды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шымкент қаласында карантиндік шектеу шараларының мерзімі ұзартылды. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаевтың қаулысы шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Тиісті құжатқа сәйкес, Шымкентте  карантин 23 қарашаға дейін ұзартылған.

Қаулыда қала тұрғындары мен қонақтарына көпшілік көп жиналатын, отбасылық шараларға қатысуға тыйым салынатыны көрсетілген.

Сонымен қатар, 65 жастан асқан тұрғындардың үйден шығуы шектелді.

Қызметкерлердің кем дегенде 50 пайызые қашықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылған.

Азық-түлік, азық-түлік емес базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді.

Оқу жылының екінші тоқсанында 1-5 сыныптарда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптардың жұмысына рұқсат берілді. Бір сыныптағы оқушысы саны 15-тен аспауы аспауы керек.

Қоғамдық көлік қозғалысы 7.00 - 21.00 аралығында жүзеге аспақ.

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері қаулысының толық мәтіні сілтемеде.

Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күн санап өсуде. Осыған байланысты кей өңірлерде карантин шаралары күшейтілуде.

Мәселен Қостанай облысында 9 қарашадан бастап 2 аптаға қатаң карантин енгізіледі.

Сондай-ақ 9 қарашадан бастап Павлодар облысы мен Ақмола облысында да бірқатар шектеу шаралары күшіне енеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883481-symkentte-kezekti-ret-karantin-merzimi-zartyldy/