RU

Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі
Көрнекі фото: Хабар 24: Facebook

Алматыда 2-3 балл қуатымен жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Полиция департаменті Жедел басқару орталығының мәліметіне сүйенсек, патрульдік жасақтар қалыптан тыс жайттарды байқап жатқан жоқ, жағдай тұрақты.

Тұрғындардан «112», «101» нөмірлеріне хабарлама түспеген. «Казселденқорғау» ММ ақпаратынша, гидротехникалық құрылыстарда ақау, жарық байқалмаған.

Айта кетейік, 5 қараша күні оңтүстік астанада санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы ұсталды. Ол жемқорлық жасады деген күдікке ілінген.

Жемқорлыққа қарсы агенттік CЭБД қызметкерін пара алды деген күдікпен қолға түсірді. Әзірге пара сомасы хабарланған жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ақпаратты растамады. Одан бөлек, ведомство қазір маманның жұмыстан аластатылғанын мәлімдеді. Енді Наурызбай ауданы СЭБ басқармасының басшысына қатысты да шара қолданылмақ.

Одан бөлек, бүгіннен бастап Алматы облысында карантин шаралары күшейтілді. Аймақтың ШҚО-мен шектесетін жеріне санитарлық бекет қойылды. Қоғамдық тамақтану орындарының жалпы сыйымдылығы 50 орыннан аспауы тиіс. Түнгі және компьютерлік клубтар, жабық кешендегі аттракциондар, бильярд, боулинг орталықтары секілді көңіл көтеру орындары жабылады.

Мәдени-спорттық, жанұялық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Қоғамдық көліктер таңғы 06:00 мен 10:00 және кешкі 17:00 мен 20:00 аралығында жүреді. Аймақ тұрғындарының көпшілік орындарда бетперде тағып, үш адамнан артық топталып тұрмауы сұралады. 65-тен асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу қойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883496-almatyda-2-3-baldyk-zer-silkinisi-boldy/