Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тәулігіне коронавирус пен пневмониядан қаза тапқандардың саны өсті

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

7 қараша күні елімізде тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жария болды деп жазады coronavirus2020.kz.

Ресми статистикаға сәйкес, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 161 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. 65 адам бұл дерттен емделіп шыққан.

1 тамыздан бүгінгі күнге дейін барлығы 38882 адам коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауырып, 408 өлім жағдайы тіркеліп отыр.

Ал жазылып шыққандардың саны - 29079.

Сол арада Денсаулық сақтау министрлігінің ресми telegram-каналының хабарлауынша, тағы жеті қазақстандық коронавирус құрбаны болған.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 023 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 389 бала бар. Стационарларда 2 714 науқас жатыр. 3 309 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 163 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - деп жазған ДСМ.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстанда тамыз айынан бері коронавирустың ең жоғары өсімі тіркелгенін жазған едік.

Одан бөлек, Алматы облысында санитарлық бекет қойылғанын жазған едік. Аймақ тұрғындарының көпшілік орындарда бетперде тағып, үш адамнан артық топталып тұрмауы сұралады. 65-тен асқан азаматтардың көшеге шығуына шектеу қойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883504-elimizde-tuligine-koronavirus-pen-pnevmoniadan-kaza-tapkandardy-sany-sti/

pixel