RU

Қостанай облысында полицей әйелді көлік қағып өлтірді

Светлана Исаева
Фото: ІІД

Қостанай облысы Қарасу ауданында 33 жастағы полицей көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы жағдай 6 қараша күні Қарасу ауылында орын алған.

"33 жастағы LADA Granta көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кетті. Тәртіп сақшысы жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Ауыр жарақат салдарынан полиция капитаны Исаева Светлана ауруханада көз жұмды", - делінген құзырлы мекеме таратқан хабарламада.

Бүгінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып кетті. Полицейдің жұмысынан үйіне келе жатқанда жол апатына түскені анықталды.

Сонымен қатар аталмыш дерек бойынша қызметтік тергеу басталғаны белгілі болды. Полиция басшылығы мен жеке құрамы марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады.

33 жастағы Светлана Исаева полицияда 6 жыл бойы қызмет етіп келген.

Еске салсақ, бұған дейін біз Польшада 16 жастағы отандасымыздың қалай қаза болғаны анықталғанын жазған едік. Қайғылы жайт осы айдың басында Ключковице елдімекеніндегі алма бақта болған.

Одан бөлек, Алматыда дүкен өртеніп, 57 жастағы әйел тоққа түсіп қалғанын жазған болатынбыз. Оқиға орнынан дүкенге көрші тұратын 57 жастағы әйел электр жарақатымен №7 қалалық ауруханаға жеткізілді. Өрт сағат 19.28-де толықтай сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ – 400 шаршы метр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883518-kostanaj-oblysynda-policej-jeldi-klik-kagyp-ltirdi/