RU

Қазақстанда бір тәулікте 700-ден аса адам коронавирус жұқтырған

медицина қызметкерлері
Көрнекі фото: ria.ru

Қазақстанда қауіпті індет қайта өрши бастады. Өткен тәулікте елімізде 723 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Қазақстанда 7 қараша күні 723 адамнан коронавирус індеті ПТР тесті арқылы расталған.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 49

Алматы қаласында - 28

Шымкент қаласында - 6

Ақмола облысында - 43

Ақтөбе облысында - 8

Алматы облысында - 11

Атырау облысында - 5

Шығыс Қазақстан облысында - 353

Жамбыл облысында - 4

Батыс Қазақстан облысында - 43

Қарағанды облысында - 17

Қостанай облысында - 57

Маңғыстау облысында - 3

Павлодар облысында - 63

Солтүстік Қазақстан облысында - 32

Түркістан облысында - 1 адам COVID-19 жұқтырған.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 116 162-ге жетіп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстанда тамыз айынан бері коронавирустың ең жоғары өсімі тіркелгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883543-kazakstanda-bir-tulikte-700-den-asa-adam-koronavirus-zktyrgan/