Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада селфи жасамақ болған жігіт көпірден өзенге құлап кетті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Нұр-Сұлтан қаласында селфи жасамақ болған жігіт Есіл өзеніне құлап кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, келеңсіз оқиға жетінші қарашада орын алған.

"Атыраулық көпірден ер адам секіріп кетті деген хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 22 жастағы ер адамның селфи жасап жатқан уақытта Есіл өзеніне құлап кеткенін анықтады. Жігіт жарақат алған жоқ, өзі жағалауға жүзіп жеткен", - делінген хабарламада.

Елорда полициясы тұрғындарды экстремалды фото жасаудың қауіптілігі туралы ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысының Бөкей орда ауданында қайғылы оқиға орын алған болатын. Мұнда бір жас жігіт жергілікті су қоймасында әдемі селфи түсіруге тырысып, ажал құшты.

Сондай-ақ, Ақтөбеде теміржол бойында қайғылы жағдай орын алды. Пойыздың фонында селфи жасап, суретке түскен арулардың бірін пойыз қағып, зардап шегуші Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Кейін ол ауруханада көз жұмған.

Оған қоса, ресейлік рэпер Павел Бесфамильный қайтыс болған соң әйелі марқұммен селфи жасап, фотоны әлеуметтік желіге жүктеп қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1883573-elordada-selfi-zasamak-bolgan-zigit-kpirden-zenge-klap-ketti/

pixel