RU

Коронавирустың жаңа симптомы анықталды

Фото
Фото: BAK баспасөз қызметі

Массачусетс жалпы ауруханасының зерттеушілері халықаралық дерматологиялық қоғамдар лигасымен және американдық Дерматология академиясымен бірлесе отырып COVID-19-ға тән емес жаңа симптомын анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ведомстоваралық комиссияға сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкпс, коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 мың адамның аяғындағы үсік шалу белгілерін еске түсіретін қатты тітіркену мен қызару пайда болған. Дерматологтар бұл құбылысты "Ковидті саусақтар" деп атады.

Науқастардың сөзінше, қолдары мен аяқтарының саусақтарында шыққан қызыл және күлгін түйнектер аздап ауырғанымен, қышымайды. Бөртпе жазылғаннан кейін терінің үстіңгі қабаты қабыршақтанып түсіп қалады екен.

"Дәрігерлер терінің мұндай қабынуы мен коронавирустың арасындағы байланысты "Ковидті саусақтары" бар балалардың терісінің биопсиясы арқылы анықтаған", - делінген хабарламада.

Бұндай белгілер, әдетте, COVID-19 жұқтырғаннан кейін орта есеппен бір-екі апта бойы сақталады, алайда кейбір пациенттерде олар ұзақ уақыт, 130 күнге дейін сақталатын көрінеді.

Ғалымдар жаңа деректердің медициналық қызметкерлерге коронавирус инфекциясын жұқтырған, алайда індеттің айқын белгілері байқалмаған науқастарды анықтауда өз септігін тигізеріне сенімді.

Еске салсақ, еліміздегі ақ халаттылар коронавирус кезінде жас отбасыларға бала сүюді жоспарламай қоя тұруға кеңес берді.

Айта кеткен жөн, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейіп жатыр. Өткен тәулікте Қазақстанда 392 адамнан коронавирус анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883580-koronavirusty-zaa-simptomy-anyktaldy/