RU

Тез ұйықтаудың қарапайым тәсілдерін білесіз бе

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Бейжің ауруханасының клиникалық психология бөлімінің бас дәрігерінің орынбасары Ши Хуэй "Хуаньцю Шибао" басылымына берген сұхбатында тез ұйықтаудың қарапайым тәсілдерін айтты деп хабарлайды Хабар24 арнасы.

"Өмірдің жылдам ырғағы мен алаңдаушылықтың жоғарылауы ұйқы режимін бұзады және денеге зиянды әсер етеді", – дейді ол.

Ши Хуэй бұл үрдісті қалыпқа келтіру үшін таңертең 07:00-ден кешікпей тұрып, ертерек ұйықтау әдетін дамытуды ұсынып отыр.

"Сонымен қатар ұйықтамас бұрын соңғы сағатта ұялы телефондарды пайдаланудан бас тарту керек. Экраннан шыққан жарық ұйқы гормоны мелатониннің синтезін қиындатады, осылайша денені алдайды", – деді Бейжің ауруханасының клиникалық психология бөлімінің бас дәрігерінің орынбасары.

Маманның сөзінше, шай, кофе және басқа да ынталандыратын сусындардан бас тарту тез ұйықтауға ықпал етеді екен.

Жатар алдындағы ең жақсы көмектесетін істер: ыстық ванна, кітап оқу және іштің тыныс алуына арналған жаттығулар, дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883588-tez-jyktaudy-karapajym-tsilderin-bilesiz-be/