Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде тәулік ішінде 610 адам коронавирус жұқтырып үлгерді

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайға қатысты тың мәліметтер жария болды. Елде өткен тәулікте 610 адам коронавирус дертін жұқтырған деп жазады coronavirus2020.kz.

8 қараша 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша тәулік ішінде 610 адамда коронавирус дерті ПТР арқылы расталып, вирус жұқтырғаны белгілі болды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 29

Алматы қаласы - 26

Шымкент қаласы - 3

Ақмола облысы - 42

Ақтөбе облысы - 9

Алматы облысы - 13

Атырау облысы - 4

Шығыс Қазақстан облысы - 254

Жамбыл облысы - 4

Батыс Қазақстан облысы - 45

Қарағанды облысы - 16

Қостанай облысы - 60

Павлодар облысы - 61

Солтүстік Қазақстан облысы - 42

Түркістан облысы - 2

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 116772 адамды құрап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін біз санитарлық посттар Қазақстанның тағы бір аймағында орнатылатынын жазған едік. Нақтырақ айтсақ, Батыс Қазақстан облысында 10 қарашадан бастап жаңа шектеу шаралары енгізіледі. Облыстық санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, демалыс күндері эпидемияға қарсы шаралар қолдану мақсатында Орал қаласының периметрі бойынша және БҚО аудандарында санитарлық посттар орнатылады.

Одан бөлек, коронавирусқа байланысты Қазақстанның төрт облысында жолаушы пойыздарының кестесі өзгергенін жазған болатынбыз. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарын қатынайтын жолаушы пойыздарының жол жүру жиілігі қысқартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883607-elimizde-tulik-isinde-610-adam-koronavirus-zktyryp-lgerdi/

pixel