RU

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 50 миллионнан асып кетті

Коронавирус
Көрнекі фото: pexels.com

Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 50 миллионнан асты, оның 1 255 250 жағдайы өліммен аяқталған. Бұндай деректерді Джон Хопкинс университеті жария етті.

Коронавирус дүниежүзінде өршіп тұр. Әлемде инфекцияны жұқтырғандардың саны 50 316 476-ға жетті.

Қазіргі уақытта Еуропа қайтадан пандемияның эпицентріне айналуда. Бұл құрлықта қауіпті дерттің расталған 12,6 миллион жағдайы тіркелген. Оның 305 700-і өліммен аяқталды.

Өткен аптада әлем бойынша анықталған 3,9 миллион науқастың жартысынан көбісі (2,1 миллион) Еуропаның тұрғындары болып табылады.

Соңғы жеті күнде індеттің ең көп жаңа дерегі Францияда тіркелді - 381000 жағдай. Сонымен қатар Италия (223000), Ұлыбритания (160 000), Польша (159 000) және Испанияда (143 000) да қауіпті дертті жұқтырғандар күн сайын артып жатыр.

COVID-19 вирусы көп тіркелген елдер тізімі:

  1. Америка Құрама Штаттары - 9 961 324,
  2. Үндістан - 8 507 754,
  3. Бразилия - 5 664 115,
  4. Франция - 1 835 187,
  5. Ресей - 1 760 420,
  6. Испания - 1 328 832,
  7. Аргентина - 1 242 182,
  8. Ұлыбритания - 1 195 350,
  9. Колумбия - 1 143 887,
  10. Мексика - 967 825.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 610 адам тіркелді. Осылайша, Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 116772 адамды құрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883629-lemde-koronavirus-zktyrgandar-sany-50-millionnan-asyp-ketti/