Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды: Министрлік үндеу жасады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

"Қазгидромет" қызметкерлері 9 қарашада еліміздің 14 өңірінде дауылды ескерту болатынын ескертті. Осыған байланысты төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарына үндеу жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жауын-шашынның түсуіне және қатқақ болуына байланысты көктайғақ  орын алады. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды. Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады. Абай болыңыздар!"- делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады.

Сонымен қатар, ведомство жаяу жүргіншілерді де жолдан өту кезінде өте мұқият болуға шақырды.

"Азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырамыз. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

Дауылды ескертулерде желдің екпіні қатты секундына 15-20 және тіпті секундына 30 метрге жетеді, әр түрлі елді мекендерде қауіпсіздік техникасы бойынша негізгі ережелерді ұстануды ұсынамыз", - деді министрлік.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қараша айынан бастап Қазақстанда не өзгеретінін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883639-aua-rajyna-bajlanysty-eskertu-zarialandy-ministrlik-ndeu-zasady/

pixel