RU

Елімізде медициналық маска мен ПТР бағасы бірден арзандады

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстанда ПТР тест пен маска бағалары екі есе арзандады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, агенттіктің мамандары зертхана қызметтері мен жеке қорғаныс құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізген.

Нәтижесінде ПТР-тест бағасы 36 нарық субъектісімен ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасау арқылы 18 000-нан 9 000-ға дейін төмендетілді.

"Олимп "КДЛ" ЖШС және "Инвиво" ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын бағаларды белгіледі, "Сұңқар" ЖШС және "Әйгерім" ЖШС жекелеген зертханалары бағаларды тиісінше 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, медициналық маскалардың бағасын өндірушілер орта есеппен данасын 21 теңгеге дейін төмендеткені белгілі болды.

"Дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы өндірушілермен, дистрибьюторлармен және бөлшек сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенс әзірлеу арқылы 20 теңгеден 3 теңгеге/дана дейін, орта есеппен 60 теңгеден 26 теңгеге/дана дейін азайды", - деп хабарлады бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 610 адам тіркелді. Осылайша, Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 116772 адамды құрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883652-elimizde-medicinalyk-maska-men-ptr-bagasy-birden-arzandady/