Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда автобусқа соғылған BMW жүргізушісі қаза тапты (фото)

Опубликовано:

Жол-көлік апаты
Фото: instagram.com/ekaraganda.kz

Қарағандыда BMW маркалы көлігі жолаушылар автобусымен соқтығысып, жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияровқа сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 9 қараша күні таңертең болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша апатқа BMW жүргізушісінің көлікті басқара алмай, жоғары жылдамдықта қарама-қарсы бағытты жолаққа шығып кетуі себеп болған.

Жол апаты салдарынан жүргізушінің өзі оқиға орнында қайтыс болды.

Автобус жолаушылары шошынып қалған.

"Аталған фактіні полиция қызметкерлері тіркеді. Арнайы сараптамалар тағайындалды. Барлық мән-жайлар анықталады", – деді Бақытжан Құдияров.

Қарағанды ​​қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімінің мәліметтері бойынша жол-көлік оқиғасына қатысқан №26 маршрут автобусы екен.

Департамент автобустағы жолаушылар физикалық жарақат алмағанын растады. Алайда, көпшілігі қорқып қалған.

Белгілі болғандай, жолаушылардың бірі шок күйінде медициналық мекемеге жеткізілген.

Еске салсақ, Павлодар облысы аумағында КамАЗ-дың карьерге түсіп кетуі салдарынан жүргізуші мен оның қасында отырған адам қаза болғаны туралы жазған едік. Сот-медициналық сараптама тағайындалған болатын.

Оған қоса, Алматы облысындағы тас жолда орын алған ауқымды жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үш жолаушы зардап шеккен еді. Желіде оқиға орнынан фото мен видео тарап кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1883659-karagandyda-avtobuspen-soktygyskan-bmw-zrgizusisi-kaza-tapty-foto/

pixel