Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ 386 миллион теңге жымқырды

Опубликовано:

қылмыс
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

Қарағандыда ұйымдасқан қылмыстық топ жалған шот-фактуралар жазып, 5 жыл ішінде мемлекетке 386 миллион теңгеден астам мөлшерде зиян келтірген. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды қаласында ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Белгілі болғандай, қылмыстық топ мүшелері сатып алынған немесе топ мүшелерінің және өзгелердің атына тіркелген 27 бақылаудағы компанияны құрған. Бұл салық салынатын айналымды жасанды көбейту және қызметті заңдастыру үшін жасалыпты.

Біраз уақыттан кейін қылмыстық әрекеттерді жасыру үшін кәсіпорындар Қазақстанның басқа аймақтарында қайта тіркеуден өткен.

5 жыл ішінде олар жалған шот-фактуралар шығарып келіпті. Мемлекеттік зиян мөлшері 386,5 млн теңгені құрап отыр. Қазір бақылаудағы компаниялардың 287 миллион теңге көлеміндегі қаражаты тәркіге алынды.

Айыптау қорытындысы әзірленген қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Еске салсақ, бұған дейін біз Павлодар қаласының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов тұтқындалғанын жазған едік. Оған жемқорлық фактісі бойынша айып тағылып отыр.

Одан бөлек, Алматы облысында тірі қызын өлдіге санап, ақша сұраған ананың әрекеті әшкере болғанын жазған едік.

Сонымен қатар Алматыда 4 күн бұрын түрмеден шыққан ер адам бөтен біреудің көлігін ұрлап кеткенін жазғанбыз. Патрульдік полиция қызметкерлері іздеуде болған “Мазда – 626” маркалы автокөлігін тұрғын үйлердің жанынан тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1883677-karagandyda-jymdaskan-kylmystyk-top-386-million-tege-zymkyrdy/

pixel